2024 жыл 31шілде күні Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялардың уәкілетті өкілдерін тіркеп, оларға «Е- saylov» ақпараттық жүйесі арқылы мандат электронды түрде берілді.
Заңнамамызға сәйкес, саяси партия сайлауға қатысу үшін сайлау науқанының басталғаны жарияланғанға дейін кемінде төрт ай бұрын Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуі керек. Бұл ретте ол өзінің сайлауға қатысуын қолдайтын қырық мың сайлаушының қолын жинағаннан кейін депутаттыққа кандидаттар ұсына алады.
[gallery-18527]
Осының негізінде Орталық сайлау комиссиясы осы күні саяси партиялардың уәкілетті өкілдеріне саяси партиялардың сайлауға қатысуын қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинау үшін көрсетілген үлгідегі қол қою парақтарын тапсырды.
Бiр әкiмшiлiк-аумақтық құрылымда (Қарақалпақстан Республикасы, облыс, Ташкент қаласы) саяси партия қырық мың сайлаушыдан ең көп дегенде сегiз пайыз қол жинай алады. Бүгіннен бастап саяси партиялар сайлаушылардан қол жинауға кіріседі.
М.Комилова, Н.Хайдаров (сурет), ӨзА