Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сайлау-2021: Президенттікке үміткерлердің барлығы сайлауда дауыс берді
13:27 / 2021-10-24

Өзбекстан Республикасы Президенттігіне елдегі саяси бес партиядан кандидат ретінде қатысушы үміткерлердің барлығы сайлауда дауыс берді.

Өзбекстан Экологиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына кандидат Нарзулло Обломуродов Ташкент қаласындағы 579 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Адолат» социал -демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына кандидат Бахром Абдухалимов Ташкенттегі 405 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Халық -демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына кандидат Мақсуда Ворисова Ташкент қаласынынң Үштепа ауданындағы 206 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидат Алишер Қадиров Ташкент қаласындағы 116-сайлау учаскесінде дауыс берді.

Өзбекстанның Либерал-демократиялық партиясынан Өзбекстан Республикасы Президенті лауазымына кандидат Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы 59-сайлау учаскесінде дауыс берді.