Савицкий атындағы музейде көрме ұйымдастырылды
ФОТОРЕПОРТАЖ
Нөкіс қаласындағы И. В. Савицкий атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік өнер музейінде бір ғасыр бұрын жасалған бейнелеу өнері туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге 1920-1930 жылдардағы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық процестерді көрсететін өнер туындылары қойылған. Авангардтық және дәстүрлі бағыттағы бұл туындылар арқылы өткен күндердің көріністерін көруге, сол кездегі суретшілердің қиял әлемін, көзқарастарын түсінуге болады. Сондай-ақ, бір ғасыр бұрын таспаланған қызықты фотосуреттер де көрмеге қойылған.
[gallery-17254]
суреттерді түсірген М.ХАБИБУЛЛАЕВ, ӨзА