Сауль Альварестің келесі қарсыласы Джермалл Чарло болуы мүмкін
Орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) пен Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін.
Boxing247 порталының хабарлауынша, тараптар келіссөздерді нәтижелі аяқталған жағдайда бұл жекпе-жек 2022 жылдың 7 мамырында өтеді.
Өткен жылдың қараша айында Джермалл Чарло орта салмақта WBC титулын қорғап, мексикалық Хуан Монтиельді жеңген болатын. Кәсіпқой рингте Чарло 32 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті. Оның 22-сін нокаутпен жеңген.
Ал, Альварес 2021 жылы үш жекпе-жек өткізіп, орта салмақта барлық титулдарды жеңіп алды. Ол тарихта осы категорияда абсолютті чемпион атанған алғашқы боксшы болды.
БАҚ-тағы деректерге қарағанда Сауль Альварес осы жепе-жекті Мексикадағы ұлттық мереке, Синко де Майо (1862 жылы 5 мамырда Пуэбло шайқасында мексикалық әскерлердің жеңісі құрметіне арналған) мейрамында өткізуді жоспарлауда.