Сауль Альварес пен Дмитрий Бивол жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді
Супер орта салмақтағы абсолютті чемпион Сауль «Канело» Альварес пен жартылай орта салмақтағы WBA чемпионы Дмитрий Бивол жекпе-жегі Лас-Вегас қаласындағы «Т-Мobile» аренасында өтеді.
Allboxing порталы дерегінше, 7 мамырда өтетін жекпе-жекте ресейлік боксшының белбеуі сарапқа салынбақ.
Еске салайық, 2021 жылдың 11 желтоқсанында Бивол Екатеринбургте өткен бокс кеші аясында Умар Саламовты жеңген болатын. Жекпе-жек 12 раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Дмитрий Биволға (119-109, 118-109, 118-110) жеңісті берген болатын.