Саудия ханзадасы Халықаралық киберспорт федерациясын басқарады
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен Халықаралық киберспорт федерациясының (IESF) кезектен тыс отырысында Сауд Арабиясының ханзадасы Файсал бен Бандар бен Султан Әл Сауд ұйымның президенті болып сайланды.
Дауыс беру барысында оның кандидатурасын 71 делегат мақұлдады. Ханзада Фейсал енді IESF-ті 2025 жылға дейін басқарады.
Айта кетейік, 2008 жылы тоғыз елдің өкілдері құрған Халықаралық киберспорт федерациясы бірлікті насихаттап, әлемдік спорт қауымдастығын ортақ мақсатқа бағыттап келеді. Қазір IESF құрамында әлемдегі 140 ұлттық федерация бар.