Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Саудия клубы Неймармен келісімді тоқтатты
12:42 / 2025-01-29

«Ал-Хилал» клубы бразилиялық шабуылшы Неймармен арадағы келсімді тоқтатқанын жариялады. Тараптар өзара келісім негізінде келісімді бұзу туралы шешім қабылдаған.

Клуб әлеуметтік желідегі ресми парақшасында бұл туралы хабарлап, футболшыға алғыс білдірген.

«Рахмет және сәттілік тілейміз, Неймар», деп жазылған клубтың баспасөз қызметі хабарламасында.

Бұған дейін Неймардың мансабын 2013 жылға дейін ойнаған «Сантос» клубында жалғастыруы мүмкін екені туралы хабарлар тараған болатын. Танымал инсайдер Романо да өзінің әлеуметтік желісінде осы туралы жазды.

Биылғы маусымда Неймар «Ал-Хилал» сапында барлық турнирлер аясында тек екі ойынға қатысқан, бірақ бірде-бір нәтижелі әрекет жасамаған.