Saudi Aramco мұнайды юаньға емес, тек долларға сататынын айтты
Saudi Aramco компаниясы мұнайды тек долларға сататынын мәлімдеді.
Саудияның ұлттық мұнай компаниясы Saudi Aramco президенті Амин Нассер журналистерге ел мұнайды юаньға сатады ма деген сұраққа: «Жоқ. Барлығы доллармен көрсетілген», - деп жауап берді.
Айта кетсек, Сауд Арабиясының ұлттық мұнай-газ компаниясы Saudi Aramco - 1933 жылы құрылған болып, мұнай өндіру және мұнай қорының көлемі бойынша әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі саналады.