Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сауда соғысы күн өткен сайын күшейіп барады
19:04 / 2019-06-11

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы күн өткен сайын күшейіп барады.


Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп CNBC арнасына берген сұхбатында «егер ҚХР басшысы Си Цзиньпин G20 саммитіне келмейтін болса, онда Қытай тауарларына жаңа санкциялар енгізілетін болады», деп айтқан болатын.

Трамптың бұл сөздеріне байланысты бүгін Қытай үкіметі «біз сауда соғысын қаламаймыз, бірақ одан қорықпаймызда. Егер АҚШ тең келіссөз өткізгісі келсе есігіміз ашық, егер олар тек саудадағы қақтығысты итермелейтін болса біз соңына дейін баруға дайынбыз» -деп жауап қайтарды Қытай сыртқы істер министрлігінің сенімді өкілі Гэн Шуан.

Сәл алдын, Ақ үй басшысы Қытай тауарларына байланысты жаңа санкциялар салуы жайында мәлімдеген болатын. Бірақ ол шешімді маусым айы соңына қарай Жапонияда өтетін G20 саммитінен кейін мәлімдейтінінде қатаң ескерткен еді.

Қытаймен АҚШ арасындағы сауда қақтығысы басталғалы қазірде екінші айға жалғасуда.