Сауд Арабиясының Өзбекстандағы жаңа елшісі тағайындалды
2021 жылдың 2 қарашасында Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Сауд Арабиясы Корольдігінің елдегі жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф әл-Утайбиді қабылдады.
Кездесуде Өзбекстан СІМ басшысы сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдай тұрып Елшіні Өзбекстандағы жұмысының басталуымен құттықтап, жауапты қызметінде табыс тіледі.
Тараптар тұрақты диалог пен практикалық ынтымақтастықты, оның ішінде сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар мен сауда, экономика, ғылым және технологиялар, мәдениет, спорт және жастар жөніндегі үкіметаралық комиссия отырыстарын өткізу арқылы жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Сондай-ақ кездесу барысында энергетика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.