Сауд Арабиясының әуе компаниясы Ташкенттен Джидда қаласына тұрақты рейстер орындайды
Сауд Арабиясының «FlyNas» авиакомпаниясына Джидда-Ташкент-Джидда бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауға рұқсат берілді.
Әуе компаниясы бұл бағыттағы рейстерді 15 қыркүйектен бастап аптасына ұш рет жүзеге асыра бастайды.
2022 жылғы 26 тамызда «Узавиация» агенттігі «FlyNas» (Сауд Арабиясы) авиакомпаниясының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 12-К операциялық рұқсатына Өзбекстан Республикасына тұрақты рейстерді орындау үшін Джидда-Ташкент-Джидда жаңа бағытын қосты.
Алдағы уақытта «FlyNas» әуе компаниясы «Airbus 320» ұшағымен Өзбекстанға тұрақты рейстерді жүзеге асырады.