Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сауд Арабиясының үш ханзадасы қамауға алынды
19:22 / 2020-03-07

Корольдіктің ең беделді ханзадалары саналатын тұлғалар өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін


Сауд Арабиясы патшалығының ханзадалары Ахмад бен Абдул Азиз, Мұхаммед бен Наиф және оның інісі Навваф бин Наиф өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

New York Times басылымының хабарлауынша қолға алынған үш ханзада корольдіктің ең беделді кісілері саналатын болып, олар мемлекетке опасыздық жасағаны үшін патшалық сарайында арнайы жасақ тарапынан қолға алынған.

Сауд Арабиясы ханзадасының мұрагері төрағалық ететін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жоғарғы комитет 2017 жылдың қарашасында Ар-Риядтағы патша отбасының ондаған мүшелерін, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлерді қаржылық және қызметтік қылмыстарға қатысты қамауға алды. Сотталушылардың дерлік барлығы келтірілген шығындарды өтеуге өз активтерінің бір бөлігін мемлекетке өтемақы ретінде беруге келіскен.