Сауд Арабиясының Қажылық және умра істері министрі Ташкентке келді
27 қыркүйекте Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра істері министрі Тауфиқ бен Фавзан әл-Рабиа бастаған делегация Өзбекстанға сапармен келді.
Мәртебелі меймандарды Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Музаффар Комилов, Дін істері комитетінің төрағасы Садықжан Ташбоев, Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, мүфти Нуриддин Халиқназаров және басқалар қарсы алды.
Сапардың негізгі мақсаты Өзбекстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ынтымақтастықты жақсарту, әсіресе, діни-ағарту, ғылыми-зерттеу, туризм, көлік салаларындағы байланысты нығайтуға бағытталған.