Сауд Арабиясының корольі палестиналықтарға қарсы шабуылдарды тоқтатуға шақырды
Сауд Арабиясының корольі Салман бен Абдулазиз әл Сауд Рамазан айының басталуына орай сөйлеген сөзінде халықаралық қауымдастық өз міндеттемелерін орындап, палестиналықтарға қарсы «жауыздықты» тоқтатуы керек, деп мәлімдеді.
«Биылғы Рамазан айының келуі Палестинадағы бауырларымызға жасалып жатқан шабуылдармен тұспа-тұс келуі өте ауыр. Біз халықаралық қоғамдастықтың осы қатыгез қылмыстарды тоқтату үшін жауапкершілікті өз мойнына алу қажеттігін атап өтеміз», - деді ол.
Ол сонымен қатар газалықтар үшін қауіпсіз гуманитарлық дәліздер құруға шақырған.
2023 жылы 7 қазанда Хамас Израильге шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Израиль Газа секторында Хамасқа қарсы кең ауқымды операция бастады.