Сауд Арабиясында қар жауды
Сауд Арабиясының солтүстігінде сирек кездесетін табиғат құбылысы тіркелді: бірнеше облыста қар жауды.
Kazinform хабарлауынша, Сауд Арабиясының Табук және Хайл таулы аймақтары, әсіресе Джабал әл-Ләуз тауының маңындағы аумақтар қар астында қалған.
Жергілікті тұрғындар мен аталған өңірдің қонақтары шаңғы теуіп, шанамен сырғанап, қар астында серуендеген. Табиғаттың сирек құбылысы туралы видеолар әлеуметтік желілерде тез тарап кеткен.
Сауд Арабиясының Ұлттық метеорологиялық орталығы осыған дейін аймақта болған циклоннан кейін ауа температурасының күрт төмендеуі және қар жаууы мүмкін екені туралы ескерту жасаған болатын.