Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сауд Арабиясы Өзбекстанға Брайль қарпімен басылған Құран Кәрімнің 50 кітабын сыйлады
17:21 / 2024-02-02

Сауд Арабиясы үкіметі Өзбекстанға Брайль қарпімен басылған Құран Кәрімнің 50 кітабын сыйға тартты.

«Dunyo» агенттігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясының Ислам істері, дағуат және хидаят министрлігі Өзбекстанның Жиддадағы Бас консулдығына Брайль қарпімен басылған Құран Кәрім кітаптарын сыйға тартты.

Техникалық ынтымақтастық пен гранттар негізінде алынған бұл құнды кітаптар Өзбекстан зағиптар қоғамына ұсынылмақ.

Көмек ретінде берілген кітаптардың құны 15 мың АҚШ долларын құрайды.

Брайль қарпімен жазылған бұл қасиетті Құран кітаптары жақын арада Өзбекстанға жеткізіледі.