Сауд Арабиясы шетелдік қажылар үшін биылғы қажылық зияратын тоқтатты
Сауд Арабиясы биылғы қажылықты Корольдіктің тұрғындары мен осы елді тұрақты мекен еткен шетелдіктер (резиденттер) ғана жасай алатынын мәлімдеді.
«Сауд Арабиясы Корольдігі 2021 жылғы қажылық маусымын тек ел тұрғындары мен осы елді тұрақты мекен еткен шетелдіктер үшін ұйымдастыруға шешім қабылдады. Бұл коронавирустық пандемияға байланысты әлемдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға негізделген», делінген ӨР Қажылық пен Умраны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қоғамдық кеңестің мәліметінде.
Хабарда, биыл қажылыққа бара алатын зияратшылар саны 60 мың болып белгіленген болып, олар 18 бен 65 жас аралығындағы вакцина алған жергілікті тұрғындарды қамтитыны айтылған.