Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сауд Арабиясы шетелдік азаматтардың кіші қажылығына рұқсат етпек
16:21 / 2020-10-26

Сауд Арабиясында 8 айлық үзілістен кейін шетелдік азаматтарға Умра қажылығын жасауға рұқсат берілді


Сауд Арабиясы 1 қарашадан бастап шетелдік азаматтардың Умра қажылық сапарларна рұқсат беруді жоспралауда. Әзірше рұқсат берілген елдердің тізімі жарияланған жоқ.

Сауд Арабиясында 8 айлық үзілістен кейін шетелдік азаматтарға Умра қажылығын жасауға рұқсат берілді. Соның негізінде қазір Абдулазиз патша атындағы Джидда халықаралық әуежайы Қажылық пен Умра үшін арналған терминалын қайта ашуға дайындалып жатыр.

«Okaz» газетінің хабарлауынша, әуежайдың арнайы терминалында коронавирустың таралуын болдырмау үшін сақтық шаралары қолға алынып, онда терминал аумағында қарама-қарсы бағытта бара жатқан адамдардың бетпе-бет келмеуі үшін бір жақты қозғалыс ұйымдастырылып, әлеуметтік арақашықтықты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Үкіме қаулысына сай шетелдік азаматтар Сауд Арабиясына Умра мақсатымен 1 қарашадан бастап кіре алады. Әзірге қай елдің азаматтарына рұқсат берілетіні белгісіз.

Еске салар болсақ, Умра қажылығын қайта бастау үш кезеңде жүзеге асырылуда. Бұған дейін, 4 қазанда басталған бірінші кезеңде күнделікті 6 мыңға дейін жергілікті тұрғындар мен резиденттерге құлшылық етуге рұқсат етілген болса, 18 қазаннан бастап күнделікті келушілер саны 15 мыңға дейін асты. Ал, 1 қарашадан бастап күшіне енетін 3 кезеңде күніне 20 мың зияратшыға қасиетті амалдарды орындауға мүмкіндік беріледі.