Сауд Арабиясы шекараларын 17 мамырда ашады
Сауд Арабиясы коронавирустың жаңа шаммының таралуына байланысты жабылған шекараларын 17 мамырдан бастап қайта ашады және өз азаматтарының басқа елдерге шығуына қойылған шектеулерді де жояды.
«2021 жыл 17 мамыр сағат 01: 00-ден бастап азаматтардың сапарына шектеу алынып, басқа елдермен теңіз, құрлық және әуе қатынасы ашылады», - делінген Сауд Арабиясы ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Елдегі шектеу мерзімі 2020 жылдың 21 желтоқсанында енгізілген еді.
Хабарда айтылуынша, шектеулердің алынып тасталуы корольдіктің бірнеше санаттағы азаматтарына қатысты болады делінген: коронавирусты бір ай бұрын жұқтырып, сауығып кеткендерге. Вакцина алған және басқа мемлекетте коронавирусты емдеу құнын өтейтін медициналық сақтандыру полисі бар 18 жасқа толмаған корольдік азаматтарына. Сонымен қатар, шетелдіктер Сауд Арабиясына келгеннен кейін 2 апталық міндетті карантиннен өтуі керек, делінген.