Сауд Арабиясы Рамазан айында мешіттердің жұмысын тоқтатпақ
Қазір патшалық аумағындағы бес қалада 24 сағаттық коменданттық режим жарияланған
Сауд Арабиясы үкіметі коронавирустық пандемияға байланысты туындаған қолайсыздық салдарынан көпшілік шоғырланар жиындаға, әсіресе қасиетті Рамазан айында мешіттерде оқылатын намаздарға шектеу уақытын қажет болған жағдайда ұзартылуын мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мұхаммед Абдел Әли журналистерге берген сұхбатында билік коронавирустық індет салдарынан діндарлар үшін мешіттерді ашу жоспары жоқ екенін, тіпті Рамазан айында олардың жұмыс істеуіне шектеуді жалғастыратынын айтып «Қазір барлығы Рамазан айындағы өтер діни шараларды сағынғаны белгілі алайда қабылданған қаулыларға сәйкес коронавирустық індеттің жойылмағанға дейін бұл шектеулер жалғасады», деген.
Қазір патшалық аумағындағы бес қалада 24 сағаттық коменданттық режим жарияланып, белгілі жағдайға орай астанасы Эр-Рияд және Табук, Даммам, Дахран, Хофуф сынды ірі қалаларына кіріп-шығу шектелген. Коронавирус науқастар саны ел аумағында 2605 кісіге жетіп, 38 азамат көз жұмған. 551 кісі аурудан сауыққан.