Сауд Арабиясы қабылдайтын қысқы Азия ойындары белгісіз мерзімге шегерілді
Сауд Арабиясының Олимпиада комитеті мен Азия Олимпиада кеңесінің (OCA) мәлімдемесіне сәйкес, Neom мегажобасының бір бөлігі саналатын көрнекі таулы курортта өткізілуі жоспарланған 2029 жылғы қысқы Азия ойындары кейінгі мерзімге қалдырылды.
Жарыстың жаңа күнтізбесі әзірге жарияланған жоқ, ал екі ұйым да бірлескен мәлімдемеде кешіктірудің нақты себептерін көрсетпеген.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары жарыстың кейінге шегерілуін Neom мегажобасын жүзеге асыру үшін ауқымды қаржылық қолдаудың қажет болуымен байланыстырып отыр.