Сауд Арабиясы коронавирустың жаңа түріне байланысты шекараларын жапты
Сауд Арабиясының үкіметі коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты бір аптаға құрлықтық шекарасы мен халықаралық рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдады.
«Денсаулық сақтау министрлігінің бірқатар елдерде коронавирустың жаңа түрі таралуда деген ақпаратына сүйене отырып, үкімет ерекше жағдайларды қоспағанда, барлық халықаралық рейстерді вирустың табиғаты туралы ақпарат нақтыланғанға дейін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады корольдік ішкі істер министрлігі.
Сауд Арабиясына сырттан келген ұшақтар елден кетуі мүмкін. Ал, Патшалыққа келген азаматтар екі апта карантин жарияланып, коронавирусқа тексерілуге тура келеді. Сонымен қатар, елге соңғы 3 айда келгендер антидене анализін тапсырады деп жоспарланған.