Сауд Арабиясы Корольдігі Өзбекстанға жаңа елшісін тағайындады
Сауд Арабиясы Корольдігінің жаңадан тағайындалған елшісі Саад бен Насыр бен Абдулла Абу Хаймед Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовқа сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.
«Екі ел арасындағы қарым-қатынастар көптеген салада қарқынды дамып келеді. Кездесу барысында сауда, инвестициялар, энергетика және мәдени алмасу бағыттарын қамтитын өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің қазіргі басым бағыттары мен келешегін талқыладық», – деп жазды Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов өзінің Telegram арнасында.
Өз кезегінде СІМ басшысы елші мырзаға Өзбекстандағы дипломатиялық қызметіне табыс тілеген.