Сауд Арабиясы клубы Роналдудың трансфері үшін 300 миллион еуро бөлуге дайын
Сауд Арабиясы клубы Криштиану Роналдудың трансфері үшін қыруар қаржы жұмсауға дайын.
TVI және CNN Portuguesa арналарының хабарлауынша, Араб түбегіндегі клубтардың бірі «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы үшін 300 миллион еуро ұсынған.
Бұл соманың 250 миллионы португалиялықтардың екі жылдық келісімшартына (жылына 125 миллион), 30 миллионы манкуниандықтардың трансферлік құнына, 20 миллионы агенттерге комиссиялық төлемдерге жұмсалады деп жоспарлануда.
AS басылымының хабарлауынша, 37 жастағы ойыншының бұл ұсынысты қабылдауы екіталай. Роналду кем дегенде тағы бір маусымды Еуропаның үздік клубтарында өткізгісі келеді.