Сауд Арабиясы ерте неке құруға тыйым салды
Осыған дейін неке жасы белгіленбеген болатын
Жаңа заң көптеген жылдар бойы талқыланғаннан кейін қабылданды.
Өйткені бұл жағдай жастардың некеге дайын немесе олардың неке жайлы түсінігінің қалыптаспауы көп талқыға түскен. Осыған дейін Арабстанда неке жасы белгіленбеген еді, бірақ 2019 жылдың қаңтарында алғаш рет 15 жасқа толмағандар некеге тұрмайтыны жайлы заң шықты.
Ал, соңғы заң бойынша 18 жасқа толмағандар некеге тұра алмайды. Егер жасөспірім 18-ге толмай некеге тұруды қалайтын болса, бұл жағдайға арнайы соттың рұқсатнамасы қажет екені көрсетілген.