Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сауд Арабия компаниясы Өзбекстанда үш энергетикалық жобаны жүзеге асырады
08:47 / 2021-01-25

Сауд Арабиялық ACWA Power компаниясы Өзбекстанда экологиялық таза энергия өндіруші үш станция салатын болады.

Ташкенттегі Хилтон қонақ үйінде ӨР Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі мен ACWA Power компаниясы арасында бірнеше келісімге қол қойылып, жоспарланған жобаларға ресми түрде старт берілді. Инвестициялық жобалардың жалпы құны 2,5 миллиард долларды құрайды. Ал салынатын үш станцияның жалпы қуаты 2500 МВт тең.

Алғашқы келісімге орай ACWA Power компаниясы Сырдария облысында 1,5 МВт қуатты жылу электр станциясын салады. Жоба бойынша ACWA Power 1,2 млрд доллар тікелей инвестицияларды тартып, зауыттың құрылысы мен пайдалану кезеңінде 1000-нан астам жұмыс орнын ашады. 2023 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға берілуі жоспарланған электр станциясы жылына қосымша 12 млрд кВт/сағ электр қуатын өндіреді.

Сауд Арабиялық компания бұдан бөлек Бұхара мен Науаиы облысында жалпы қуаты 1000 МВтты құрайтын екі жел электр станциясын салу үшін келісім жасады. Қол қойылға құжатта ACWA Power компаниясы екі ЖЭС-ті 2024 жылға қарай іске қосуы керек. Бұл электр станцияларын жылына 3,6 миллиард кВт/сағ көлемінде арзан электр энергиясын өндіретін болады. Жобалардың жалпы құны 1,3 млрд долларға бағаланған.