3-4 маусымда Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков бастаған Өзбекстан Үкіметінің делегациясы Мәскеуде болды.
Министрлік мәліметінше, екі күндік сапар барысында бірқатар Ресей Федерациясының ресми тұлғалар, оның ішінде вице-премьер Алексей Оверчук, Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Экономикалық даму министрі Максим Решетников кездесті.
Кездесулер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін, қолданыстағы келісімдерді жүзеге асыру барысы, сондай-ақ Өзбекстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың маңызды аспектілерін талқылады.
Екі ел арасындағы көпқырлы қарым-қатынастың барлық салаларында берік байланыс пен белсенді ынтымақтастық байқалып отырғаны айтылып, бұрын келісілген жобаларды, бағдарламаларды және бастамаларды ілгерілету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға өзара міндеттеме айтылды.

Инвестициялық, сауда-экономикалық, индустриялық, көлік-логистикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті тереңдетудің практикалық тетіктері бойынша бірлескен ұстанымдар әзірленді.
Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді шешу бойынша алдағы шаралар туралы пікір алмасып, өзара қарым-қатнастың барлық бағыттары бойынша практикалық ынтымақтастық туралы келісілді.