Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сардор Умрзақов ДСҰ төрағасымен Өзбекстанның ұйымға кіру мәселесін талқылады
12:39 / 2022-02-16

Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умрзаков Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бейне байланыс форматында келіссөздер өткізді.

Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің мәліметінше, тараптар Өзбекстанның ДСҰ-ға кіру үдерісінің ағымдағы жай-күйін, сондай-ақ келіссөздерді жандандыру мақсатында ұйым хатшылығымен бірлесіп әзірленген 2022 жылға арналған жаңа «Жол картасында» белгіленген шараларды ілгерілету бойынша міндеттерді талқылады.

Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі жұмыс тобының алдағы 5-ші отырысына дайындық барысы келіссөздердің басты тақырыбы болды. Өзбекстан тарапынан ДСҰ хатшылығына осы жиынды өткізу үшін ұсынылған жаңа құжаттармен жұмыс барысы, сондай-ақ мазмұндық және ұйымдастырушылық сипаттағы басқа да мәселелер қаралды.

ДСҰ басшылығы Өзбекстанды ұйымға кіру процесінде жан-жақты қолдауға және туындаған проблемаларды жедел шешу үшін екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға бейілділігін білдірді. Осыған орай, Н.Оконджо-Ивеала ДСҰ Хатшылығының Өзбекстанға мүше елдермен екіжақты және көпжақты келіссөздер жүргізуде қолдау көрсету үшін техникалық көмекті кеңейтуге дайын екенін білдірді.