Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умрзаков бастаған Өзбекстан үкіметінің делегациясы Вашингтонда Дүниежүзілік банк президентімен кездесті.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, ккі күндік сапар барысында Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасс, Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Анна Берде, Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) басқарушы директоры Махтар Диоп, АҚШ Сауда министрі Джина Раймондо және оның бірінші орынбасары Дон Грейвс, АҚШ Сауда өкілі Кэтрин Тай, АҚШ Халықаралық Даму Қаржы Корпорациясы (DFC) бас директоры Скотт Натан және USAID әкімшісі Саманта Пауэр сында тұлғалармен кездесулер өткен.
Келіссөздер барысында әлеуметтік-экономикалық реформаларды ілгерілетуді күшейту, өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылымды дамыту, банк ісі және қаржы мен кәсіпкерлік салаларындағы жаңа жобаларға қосымша инвестиция және техникалық көмек тарту бойынша, Дүниежүзілік банк және Халықаралық қаржы корпорациясымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мәселелері көтеріліп, жан-жақты қарастырылды.
Бұдан бөлек, Өзбекстан-АҚШ тауар айналымын арттыру және әртараптандыру, инвестиция саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының түрлі салаларына АҚШ-тың озық технологиялары мен инновацияларын енгізу сияқты мәселелер талқыланған.
Сондай-ақ, Америка компанияларын Өзбекстанда бизнес жүргізуге тартудағы ынтымақтастық, екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстар орнату және өзара іскерлік және сауда миссияларын құру бойынша шаралар қабылдау, Өзбекстанның ДСҰ-ға кіру үдерісіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесулер өткен.
Сапар қорытындысы бойынша сауда-экономикалық, инвестициялық, инновациялық-технологиялық, сондай-ақ қаржылық-техникалық салалардағы Өзбекстан-АҚШ ынтымақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді, делінген хабарламада.