Сардоба су тасқынынан зардап шеккендерге 187 млрд көлемінде қаржылай көмек көрсетілді
Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймаының жарылуы салдарынан зардап шеккен жандарға 186,6 млрд сум көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Сырдария облысы әкімінің орынбасары Улмасжон Мамадаминов мәлімдеуінше, су қоймасындағы техногендік апат салдарынан 4790 адам зардап шеккен болып оларға 186,7 млрд сум көлемінде қаржылай көмек арнайы пластикалық карталарына аударылған. Оның ішінде 4541 азаматқа 181,6 млрд (әрбір кісіге 40 млн сумнан) және 249 азаматқа 5 млрд (20 млн) берілген.
Бұдан бөлек, су тасқыны салдарынан үйіне қатты зақым келтірген азаматтарға 52,5 гектар жер таңдалып, 2640 пәтерлі 86 көпқабатты тұрғын үй салынды. Осы көпқабатты үйлердің құны келісімшарт бойынша 855,4 млрд сумды құрайды Пәтерлерді республикалық, облыстық және аудандық жұмыс топтары мен қоғам өкілдері әділ тексеріп, жеребе арқылы өз иелеріне табысталған.