Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сардоба су қоймасындағы апаттан 6 мыңға жуық үй жануарлары қырылған
18:16 / 2020-05-16

Апаттан соң жалпы 31719 жануарлардың жоғалған айтылады


1 мамыр күнгі Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының жарылу салдарынан орын алған су тасқыны нәтижесінде 5859 бас үй жануарлары (ірі және ұсақ қара, құс, ит т.б) қаза болған.

Бүгін осы апатқа байланысты Сырдарияда Халықаралық пресс-клубтың кезекті сессиясы өтіп онда Төтенше жағдайлар министрлігі басқарма басшысы Камилжан Арипов қатысты және Сардобадағы техногендік апаттың салдарынан қырылған үй жануарлары жөнінде айтты. Оның айтуынша оқиға салдарынан қырылған 5859 бас жануар 5 арнайы қазылған хайуандар мазарына жерленген. Алдымен қазылған орынға 1,5 см хлор себілген сосын хайуандар топырақпен жабылған соң тағыда хлор себіліп үсті бетонмен қапталған.

Сондай-ақ апаттан соң жалпы 31719 жануарлардың жоғалған айтылады. Оларадан 13685-і ірі және ұсақ тұяқты мал, 17752 дана үй құстары мен 282 түрлі үй жанарлары болған. Ал содан 5859-ы тасқынан мерт болғандар.