Сырдария облысының «Сардоба» су қоймасындағы техногенді апатқа байланысты, Өзбекстан Республикасының Жоғары Сот құзыретіндегі қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы («Өзбекстан темір жолдары» АҚ «Гидротехникалық құрылыстар салу дирекциясы» бастығы болып жұмыс істеген М. Холматов) жалпы 17 адамға қатысты қылмыстық істерді қарау үшін жабық сот отырысын бастады.
Жоғары Соттың хабарынша, 21 желтоқсанда басталған қылмыстық іс, мемлекеттік құпияға тікелей байланысты болғандықтан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігінің талаптарына сәйкес, сот процесі жабық түрде өтуде.
Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 167-бабы (жымқыру немесе тонау), 203-бабы (суды немесе су объектілерін пайдалану шарттарын бұзу), 205-бабы (билікті немесе қызметтік жағдайын теріс пайдалану), 207-бап (қызметтік жағдайына немқұрайлы қарау), 209-бап (мансаптық алаяқтық) және 258-бап (тау-кен, құрылыс немесе жару жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыспен айыпталуда.
Сот процесі жалғасуда, нәтижелері бойынша жеке мәлімдеме жасалады, делінген хабарламада.
Еске салар болсақ, 2020 жыл 1 мамыр таңертеңгі кезде «Сардоба» су қоймасында бөгет жарылып, оқиға салдарынан сол аймақтағы үш ауданның 22 ауылынан 60 мыңнан астам адам эвакуацияланған болатын.