Сардоба оқиғасы бойынша 9 азамат қамауға алынды
Бас прокутатура оқиғаға тікелей қатысты болған 9 азаматты қамауға алып тергеу амалдары 5 айға ұзартылатынын мәлімдеді
Өзбекстаннның Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының жарылуына байланысты, су қоймасының құрылысына тікелей қатысты болған 9 азамат қамалып, тергеу амалдары 5 айға ұзартылған.
Бас прокутатураның хабарлауынша тексеріс кезінде су қоймасы бөгетінің жарылуына жобалық құжаттардағы, құрылыстағы және оларды пайдаланудағы қателіктер мен кемшіліктерді көрсеткен.
Осы жұмыстарға жауапты болған 9 азамат қатарында құрылысқа тапсырыс берушісі «Сирдарё сув қурилиш инвест», «UzGip» ЖШС жобалаушы, «Ўзтемирйўлқурилишмонтаж» мекемесінің бас мердігері, «Резаксой сув қурилиш» мердігер компания, «Тўпаланг Шеробод» мекемесі мен Су шаруашылығы министрлігі мен пайдалану дирекциясының бір топ лауазымды адамдарына қатысты Қылмыстық кодекстің тиісті баптары (167, 205, 207, 209, 258) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алу шарасы қолданылды.
Еске сала кетсек 1 мамыр таңғы сағат 05:55 өткенде Сардоба су қоймасының 6 пикетті қабырғасынан су шығып нәтижеде су тасқыны орын алды. Оның салдарынан 4435 тұрғын үй зақымдалған.
Еске сала кетсек 1 мамыр таңғы сағат 05:55 өткенде Сардоба су қоймасының 6 пикетті қабырғасынан су шығып нәтижеде су тасқыны орын алды. Оның салдарынан 4435 тұрғын үй зақымдалған.