Санкт-Петербургте өзбекстандық жүргізушісі 50 жолаушыны құтқарып қалған
Өзбекстандық азамат «Третий парк» автопаркінде үш жылдан бері қызмет етеді
Жексенбі күні Санкт-Петербург қаласының Приморск тасжолында жүріп баражатқан жолаушылар автобусында өрт шығып, салондағы 50-ге жуық жолаушының өміріне қауіп төнген.
Spbdnevnik.ru ақпарат порталында айтылуынша, 211-ші нөмірлі автобус жүргізушісі өзбекстандық 43 жасар азаматтың көлікте өрт шыққан кездегі жылдам әрекетті барлық жолаушыладың сыртқа аман шығуына себеп болған.
Оқиға: автобус шамамен сағат 11:40 «Черная речка» метро аялдамасынан шығып арадан 20 минут өткен кезде жүргізуші автобустың артынан қара түтіннің шыққанын байқап көлікті тоқтатумен автобустың үш есігін ашады және эвакуация жайында хабарлайды. Осылайша жолаушылар лезде сыртқа шығып үлгерген.