Сан -Марино өз тарихында тұңғыш рет Олимпиада медалін жеңіп алды
Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындары барысында стенд ату бойынша тарихи жағдай тіркелді. Онда Сан -Марино спортшысы ел тарихында тұңғыш рет Олимпиада медалін жеңіп алды.
XXXII жазғы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында өткен стенд ату сайысында Сан -Марино құрамасының мүшесі Алессандра Перилли 29 ұпаймен жарыста үшінші орынды иеленіп, қола медалға ие шықты.
Бұл жағдай Токио-2020 Олимпиадасында халқының саны ең аз ел құрамынан шыққан спортшының үздік нәтижесі болды. Сан -Марино елінің халқы шамамен 34 мыңды құрайды.

Стенд ату бойынша Олимпиада алтын медалін Словакиялық 37 жастағы спортшы Зузана Рехак-Штефечековаға нәсіп етті. Ол сайыста 43 ұпай жинап, олимпиадалық рекорд орнатты.
Екінші орында америкалық Кил Браунинг 42 ұпаймен күміс медалға ие болды.