Samsung Galaxy S21 смартфоны 5 камералы болады
Samsung компаниясының келесі флагманы саналатын Galaxy S21 немесе S30-ға баланған смартфоны 5 камераға ие болады
Samsung компаниясының келесі флагманы саналатын Galaxy S21 немесе S30-ға баланған смартфоны 5 камераға ие болады.
OneLeaks таратқан дерекке сай, кезекті Samsung смартфоны кореялық гиганттың ең жоғары деңгейдегі гаджеті Galaxy S21 Ultra болмақ. Оның таныстырылымы осы жылдың соңына дейін өтуі жоспарланған.
Samsung Galaxy S21 Ultra моделінде 5 немесе 4 объектив және қосымша сенсор болуы айтылған. Инсайдерлер қосымша сенсордың не үшін қажет екендігі туралы нақты түсінік бермеген. Бірақ смартфонда екі бөлек телеобъектив болатынын айтады, оның біреуі бес есе үлкейтуге мүмкіндігіне ие.
Сондай-ақ, ол бір алдыңғы камерамен және AMOLED экранымен жабдықталған. Корпусы болаттан жасалған болып, артқы жағында корпусқа бекітілген негізгі камералар блогы орналасады.