«Ховар» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Самарқандтан келген 30-дан астам қолөнерші «Қалъаи Ходжанд» («Ходжанд қамалы») мәдени-тарихи кешенінде құрылыс және қалпына келтіру жұмыстарына қатысуда.
Қазіргі уақытта Тәжікстан Президенті Эмомали Рахманның бұйрығы негізінде «Қалъаи Ходжанд» кешені қалпына келтірілуде. Құрылыс жұмыстарына 300-ден астам мамандар мен құрылысшылар, халық шеберлері мен суретшілер, әрлеушілер, құмырашылар мен оюшылар жұмылдырылған.
Жоба негізінде бекініс қабырғаларын қалпына келтіру, әкімшілік ғимарат салу, Ходжент қаласының көне үйлері мен аулаларының үлгілерін, қонақ үй мен мұражай, шайхана, монша, техникалық қызмет көрсету станциялары және басқа да қосалқы нысандарды салу жоспарлануда.
Дерек бойынша, Ходжент бекінісі біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда қала бекініс жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде салынған. VI-VII ғасырларда жаңа қамал бой көтерген. Ортағасырлық Ходжент бекінісі аймақтағы ең мықты бекіністердің бірі саналған.