Самарқандта жерасты қоқыс сақтау кешені іске қосылды
Самарқанд шаһарында заманауи экологиялық жоба – алғаш рет жартылай жерасты қоқыс сақтау кешені тұрғындардың игілігіне берілді.
Қалада орнатылған екі кешен 2 метр тереңдікте орналасқан. Әрбір кешенге екіден, барлығы төрт арнайы контейнер қойылды. Әрқайсысының сыйымдылығы 3 текше метрді немесе 550 литрді құрайды. Бұл өз кезегінде бір мезгілде 1000–1500 тұрғынның тұрмыстық қалдығын қабылдауға мүмкіндік береді.
Осылайша, бұрын жел ұшырып әкететін немесе жануарлар шашып тастайтын қоқыстың жер бетінде бей-берекет таралуына тосқауыл қойылды. Бұл жаңа кешен қала келбетін көркейтіп қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай туғызады.
Жоспарға сәйкес, таяу уақытта осындай тағы бес кешен салынып, Самарқандтың экологиялық инфрақұрылымын нығайта түспек. Мұндай бастама тек бір қала аясында ғана емес, республика көлемінде жалғасын табады деп күтілуде.