Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта ЮНЕСКО өкілдерінің қатысуымен «Бейбітшілік ағашы» монументі ашылды
12:47 / 2022-11-19

18 қарашада Самарқанд қаласындағы «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде «Бейбітшілік ағашы» монументінің ашылу шарасы өтті.

Салтанатты шараға ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Стефаниа Гианнини, ЮНЕСКО-ның мәдени дипломатия жөніндегі арнайы өкілі Хедва Сер, Германия Федеративтік Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму федералды министрлігінің парламенттік хатшысы Ниелс Аннен және Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары – Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимовтың қатысты.

«Бейбітшілік ағашы» монументінің авторы – шығармалары бүкіл әлемге танымал әйгілі мүсінші Хедва Сер.

Бұл символикалық ескерткіш алғаш рет Израильде 2008 жылы ЮНЕСКО-мен бірлесіп орнатылған. Кейінірек ол Германия, АҚШ, Әзірбайжан, Қазақстан, Андорра, Греция, Мальта және басқа елдерде орнатылды. Қазіргі уақытта әлемнің 17 елінде «Бейбітшілік ағашы» бар. 

Самарқандтағы монумент 18-шісі болды. Бұл ескерткіш қоладан жасалған және оның салмағы 750 келі.