Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта XVI Верона Еуразиялық экономикалық форумы өтеді
12:15 / 2023-10-23

2-3 қараша күндері «Silk Road Samarkand» туристік орталығында Италияның «Understand Eurasia» коммерциялық емес бірлестігі мен ӨР Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігінің бастамасымен XVI Верона Еуразиялық экономикалық форумы өтеді.

Форум бизнесті дамытуға бағытталған және кәсіпкерлер арасында еркін қарым-қатынасқа, іскерлік байланыстар мен келіссөздерге кең мүмкіндіктер туғызады.

Кездесулер барысында ондаған елдің жеке және мемлекеттік компанияларының өкілдері кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасады.

Сонымен қатар, форум отырыстарына еуропалық және азиялық ірі компаниялар мен қаржы институттарының жетекшілері, саяси және қоғам қайраткерлері, мамандар, дипломаттар, халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысады.

Ондаған елден мыңға жуық қатысушылар, атап айтқанда Өзбекстанмен іскерлік қарым-қатынас орнатуға және Өзбекстан бизнесмендерімен байланыс орнатуға мүдделі италиялық ірі бизнесмендердің делегациялары келеді деп күтілуде.

Мәдени бағдарлама аясында итальяндық кинофестиваль, итальяндық орындаушылардың «Сан-Ремо жұлдыздары» атты концерті жоспарланған. Сондай-ақ туысқан тарихи қалалар – Флоренция мен Самарқандтың керамикалық бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылады.

Верона Еуразиялық экономикалық форумы 2007 жылдан бері Италияның Верона қаласында өткізіліп келеді. 2022 жылы бұл шара Әзірбайжанның Баку қаласында өтті. 2023 жылы XVI Верона Еуразиялық экономикалық форумын өткізуге тарихи Самарқанд қаласы таңдалды.