Самарқандта халықаралық гастрономия фестивалі өтеді
2022 жылдың 7-8 қазан күндері Самарқанд қаласында халықаралық гастрономиялық фестиваль өтеді.
Туризм және мәдени мұра министрлігінің мәліметінше, фестивальге келушілер дәмді тағамдардан дәм татып мерекелік қойылымдарды тамашалайды.
Айтулы шара Туризм және мәдени мұра министрлігі, аспаздар қауымдастығы және Самарқанд облыстық әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылуда.
Фестивальдің мақсаты – Өзбекстанның гастрономиялық әлеуетін кеңінен насихаттау, гастрономиялық туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ұлттық аспаздық дәстүрді дәріптеу арқылы туристер ағынын арттыру.
Шара аясында аспаздар байқауы ұйымдастырылады. Оған шет мемлекеттерден және Өзбекстанның әр облысынан келген аспаз командалар, шет мемлекеттерден келген туристерге қызмет көрсететін қоғамдық тамақтандыру орындарының аспаздары қатысады.