Самарқандта туристік форум өтеді
«Samarkand Tourism Forum» форумы туризм саласын дамытуға, ынтымақтастық пен жаңа шешімдер табуға бағытталған.
STF'24 форумында туроператор, турагенттер мен сектордың түрлі кәсіпорындарының өкілдері бас қосады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара туроператор, гид, мейрамхана және қонақүй иелері, туристік бизнес пен мемлекеттік сектор өкілдері үшін пайдалы болады.
Форум 2024 жылдың 9-10 ақпаны күндері өтеді.