Самарқандта Түркияның Бас консулдығы ашылды
7 наурыз күні Самарқандта Түркия Республикасының Бас консулдығы ашылды.
Ашылу салтанатына Түркия Сыртқы істер министрі Мавлуд Чавушоғлу, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Премьер-Министрдің орынбасары Азиз Абдухакимов және Самарқанд облысы әкімі Эркинжон Турдимов қатысты.
Өзбекстан Сыртқы істер министрі салтанатты рәсімдегі сөзінде консулдықтың ашылуының екіжақты қатынастардағы маңызы туралы айтып, екі елдің қарым-қатнасы одан әрмен нығая түсеріне сенім білдірді.
Консулдықтың ашылу салтанатына арнайы келген Түркия Сыртқы істер министрі Мавлуд Чавушоғлу Өзбекстандағы Бас консулдықтың шет елдер арасында алғашқылардың бірі болғанын айтты және бұл консулдық екі ел азаматтарына қызмет етерін мәлімдеді.
Сапар барысында Түркиядан келген делегация Самарқанның көрікті жерлерін аралады.
[gallery-1462]