Тиісті шешім Ыстамбулда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысында қабылданды.
Өзбекстан СІМ хабарламуынша, алқалы жиын 2022 жыл 10 қарашада Самарқанд қаласында өтеді.
2022 жылғы 17 қазанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов бастаған делегация Стамбулда Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер сыртқы істер министрлерінің кезектен тыс отырысына қатысты.
Достастық және көтеріңкі рухта өткен кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібі мен Ұйым аясындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылып, 2022 жылдың 11 қарашасында Самарқандта өтетін TМҰ саммитіне қол қоюға ұсынылатын құжаттардың жобалары қаралған.
«Өзбекстан делегациясының басшысы әлемде болып жатқан оқиғалардың қарқыны мен халықаралық қатынастардағы өзгерістер ТМҰ-ны заманауи шындыққа ұдайы бейімдеу қажеттігін атап өтті», делінген ведомство хабарында.
Сонымен қатар жиында, Өзбекстан Сыртқы істер министрі TМҰ-ның Самарқанд саммитіне дайындық барысы туралы ақпарат берген.
Алдағы іс-шара бұл құрылымның 2021 жылы Түркі кеңесінен Түркі мемлекеттері ұйымына өзгергеннен кейінгі бірінші саммиті болып табылады. Алқалы жиын 2022 жыл 11 қарашада Самарқанд қаласында өтеді.