Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтеді
09:02 / 2022-11-10

2022 жылдың 10-11 қараша күндері Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының кездесуі өтеді.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен өтетін шараға Түркіменстан Ұлттық Кеңесі Халық Мәслехаты Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров және Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан қатысады.

Сондай-ақ Халықаралық түрік мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА), Халықаралық Түрік академиясы, Түрік мәдениеті мен мұрасы қоры және осы көпжақты құрылымның хатшылығының басшылары қатысады деп жоспарланған.

Саммиттің күн тәртібіне экономика, сауда, инвестиция, көлік, инновация, экология, туризм, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы өзара тиімді және көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Ұйым қызметін жетілдіру мәселелері қаралады. Бұл БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына толығымен сәйкес келеді.

Саммит қорытындысы бойынша, Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған Самарқанд декларациясы мен басқа да маңызды шешімдер және құжаттарды қабылдау көзделген.