Самарқанд қаласында Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Басқару кеңесінің 32-ші жыл сайынғы отырысына дайындық жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.
2023 жыл 16-18 мамыр аралығында өтетін конференцияға 2 мыңға жуық шетел үкіметтерінің өкілдері, трансұлттық корпорациялардың басшылары, халықаралық қаржы институттары мен банк басшылары, экономика, инвестиция, қаржы және технология саласындағы сарапшылар, шетелдік БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.
Алдағы өтетін шара аясында әлемдік экономикада байқалып отырған үрдістер талқыланып, банктік тәжірибе мен қаржылық қызметке қатысты институционалдық мәселелер қаралады, халықаралық іскер топ өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтеді.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Сардор Умурзаковтың айтыуынша, алқалы жиын үшін Өзбекстанның таңдалуы Өзбекстанның ЕҚДБ серіктесі ретінде маңызды орынға ие екендігін білдіреді. Банкпен көпқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Оның үстіне Өзбекстанның кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы жетістігі ЕҚДБ акционерлері тарапынан үнемі қолдау тапқан.

Жиын барысында беделді конференцияға дайындықтың қазіргі жағдайы зерделеніп, түрлі мәселелердің шешімі әзірленді. Алдағы шараның күн тәртібі жан-жақты талқыланып, жауапты министрлік пен ведомстволардың өзара әрекеттесу тәртібі белгіленді.
Соңында жауапты басшыларға іскерлік бағдарламаны қалыптастыру, қаланың инфрақұрылымын дайындау, шетелдік делегация өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ресми және бейресми шараларды ұйымдастыру бойынша нақты, мақсатты тапсырмалар берілді.
ӨзА