Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта СІМ басшылары деңгейінде үш аймақтық іс-шара өтеді
12:54 / 2023-04-08

2023 жыл 13-14 сәуір күндері Самарқанд қаласында СІМ басшылары деңгейінде үш аймақтық іс-шара өтеді.

ӨР СІМ мәліметінше, 13 сәуірде Ауғанстанмен көршілес елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді. Осы іс-шарада Өзбекстан, Иран, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Қытай сыртқы істер министрлері Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды қарастырады.

«2023 жылдың 14 сәуірінде Самарқандта Өзбекстан, Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғыз Республикасы, Қазақстан делегациялары және ТМД Атқару комитетінің қатысуымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді деп күтілуде», делінген хабарламада.

Онда халықаралық күн тәртібіндегі және ТМД аясындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу, бірлескен бағдарламаларды іске асыру және ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің қарауына ұсынылатын құжаттар жобаларын талқылау қарастырылған.

Ведомство дерегінше, осы күні Самарқандта Орталық Азия елдері мен Ресей сыртқы істер министрлерінің алтыншы кездесуі өтеді.