Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта шетелдік туристке тіл тигізген қонақүй менеджері 10 тәулікке қамалды
18:53 / 2022-04-28

Самарқандқа тарихи ескерткіштерді тамашалауға келген шетелдік туристке тіл тигізген қонақүй менеджері жазаланды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Б.К. есімді шетелдік турист IT маманы болып ол Самарқандқа тарихи ескерткіштерді тамашалауға келген. Саяхаты барысында Самарқанд қаласындағы қонақүйде менеджері А.У. оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiргенін айтып, заңды шара қолдануды сұрап, прокуратураға арыз түсірген.

Тергеу нәтижесінде қонақүй кәсіпорнының менеджері А.У.-ның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар екені анықталып, жиналған құжаттар сотқа берілген және сот шешімімен А.У.-ға 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

«Ел экономикасы үшін маңызды болып табылатын әрбір туристің қауіпсіздігі мен құқығын қамтамасыз ету басты міндет», - делінген хабарламада.