Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта шахматтан «FIDE Grand Swiss-2025» турнирі өтеді
14:26 / 2025-06-10

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) 2025 жылдың 3–16 қыркүйек аралығында Самарқанд қаласында ерлер мен әйелдер арасында өтетін «FIDE Grand Swiss-2025» турнирінің ұйымдастырылатынын ресми түрде жариялады.

Бұл беделді дода алғаш рет өзіндік шахмат дәстүрі қалыптасқан, халықаралық шахмат қауымдастығында беделі күн санап артып келе жатқан Өзбекстанда өтпек. Сондықтан турнир ғаламдық шахмат жанкүйерлерінің ерекше назарына ілініп отыр.

Турнирдің маңыздылығы тек әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болуымен шектелмейді. Осы жылы жүлде қорының едәуір артуы – турнир мәртебесін бұрынғыдан да биіктетіп отыр.

Атап айтқанда:

  • Жалпы жүлде қоры – 625 мың АҚШ доллары, бұл алдыңғы турнирлермен салыстырғанда 36 пайызға жоғары.
  • Әйелдер арасындағы жүлде қоры да 140 мың доллардан 230 мың долларға дейін, яғни 64 пайызға артқан.

Турнир:

  • Әрқайсысы 11 раундтан тұратын ерлер және әйелдер жарыстарынан құралады;
  • Жалпы 170 шахматшының қатысуы күтілуде;
  • Қазірдің өзінде FIDE рейтингтік кестесіне сәйкес 100 ойыншы жолдама алып, әйелдер санатында 44 шахматшы қатысатынын растаған.