Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Самарқандта Шарджа әмірлігінің археологиялық көрмесі ашылуда
15:20 / 2024-04-17

2024 жылдың 18 сәуірі мен 22 мамыры аралығында Самарқанд қаласындағы «Silk Road» туристік орталығында Шарджа археологиялық департаменті әмірлігінен алынған археологиялық ашылымдардың тұсаукесеріне арналған көрме ұйымдастырылады.

121 бірегей археологиялық туындыны қамтитын бұл көрме Шарджадағы тарихи кезеңдерден, соның ішінде қола мен темір дәуірінен ислам дәуіріне дейінгі өмірді толық бейнелеуімен қызықты әрі мәнді деуге болады.

– Самарқандта өтуі жоспарланған беделді көрме арқылы археологиялық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және мәдени мұра саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді көздейді. Жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің бай мәдени, тарихи және археологиялық аспектілерін көрсетеді, келушілерге Шарджа Әмірлігінің мәдени мұрасымен, әртүрлілігі және тарихымен танысуға мүмкіндік береді, – дейді Шарджа археологиялық басқармасының бас директоры Эйза Юсуф.

Көрмелердің әмірліктегі туризмді дамытуда және аймақтық өркениетті насихаттауда маңызы зор. Сондықтан басқарма басшысы конференцияның Жібек жолы бойындағы мәдени және ғылыми маңызы бар қала Самарқандта өтуі тегін емес деген пікірді алға тартады.

– Бұл көне мекен дүниежүзілік ғылымның дамуы кезінде орталық болып саналды, сонымен қатар оның Шығыс пен Батысты байланыстырудағы тарихтағы маңызды рөлі бізді жігерлендіреді, – дейді Э.Юсуф.

Айта кетейік, ұсынылатын жәдігерлер арасында Жібек жолы бойындағы саудада пайдаланылған монеталар, соның ішінде кушан тиындары, аббасидтердің дирхамдары және бір соғды мыс монетасы, сондай-ақ Млейхадан табылған қыш ыдыстар топтамасы бар.

Шарджа археология басқармасының хабарлауынша, бұл тұсаукесер жоғары деңгейдегі халықаралық көрмелермен қатар Жапония, Испания және Бельгияда да жоғары деңгейде ұйымдастырылған. 

2020 жылы Лиссабондағы Ұлттық археология мұражайында «Шарджа археологиясы» көрмесі ашылды және оны Португалия мұражайтану қауымдастығы тарапынан мақтауға ие болды.

Б.Худайбердиев, У.Алимов, ӨзА